Баспасөз орталығы

Цифрлық платформа қазақстандықтардың құқықтарын қорғайтын болады

Қаңтар айында елімізде орын алған оқиғаларды ескеретін болсақ, заңдылықты қамтамасыз ету және тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде азаматтардың құқықтарын сақтау мәселесі ерекше маңызды болды.

Қазақстанда бұрын-соңды болмаған білім беру онлайн-платформасы ағымдағы жылдың қыркүйек айында іске қосылмақ және азаптауларға ұшыраған адамдарға жаппай заң көмегін көрсету қажеттілігімен айқындалған. Жаңа цифрлық жобаның ең басты мақсаттарының бірі — білім беру бағдарламасын ұйымдастыру арқылы Қазақстан азаматтарына қатысты азаптаулармен және құқық қорғау органдарының тарапынан басқа да заңсыз әрекеттермен күресу.

Бағдарлама екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімі полиция қызметкерлеріне арналған, екіншісі — азаптауларға ұшыраған адамдарға. Оқу цифрлық платформада өтетін болады, бірыңғай ресурста азаматтардың құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық құралдарының тетіктері, аталған қылмыс үшін жауапкершілік туралы ақпарат орналастырылады. Сондай-ақ пайдаланушылар елдегі танымал адвокаттардың заң көмегіне тегін қол жеткізе алады. Цифрлық платформаға сайт, мобильді қосымша, чат-боттар, сондай-ақ «Онлайн-заң клиникасы» қызметтері кіреді, яғни, азаматтарға заңгерлердің тегін консультациясы беріледі және шұғыл психологиялық көмек құралдары ұсынылады.

«Бейнесабақтардың топтамасы, сондай-ақ құқықтарды қорғау жөніндегі нұсқаулықтар, заң құжаттарының үлгілері (талап арыз шағымдары, арыздар) ашық қолжетімділікте ұсынылатын болады. Жобаның аясында қоғамда кең ақпараттық науқан жүргізілетін болады. Осылайша, біз жауапты мемлекеттік органдардың және халықаралық ұйымдардың Қазақстандағы азаптаулардың фактілеріне назар аударуды жоспарлаймыз. Сонымен бірге азаматтардың өздерінің бұзылған құқықтарын заңды қорғау тәсілдері туралы құқықтық хабардарлығы арта түседі», — деп айтты жобаның үйлестірушісі Мирхат Серікбаев.

Онлайн-платформада ұсынылатын барлық ақпарат тыңдаушылар үшін кеңестік сипатта болатыны және коммерциялық негізі жоқ екені баса айтылады. Жоба АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын Орталық Азиядағы әлеуметтік инновациялар бағдарламасы аясында Еуразия Қорының қолдауымен жүзеге асырылады.

Дереккөз: https://mobilaser.kz/cifrovaya-platforma-budet-zashhishhat-prava-kazahstancev/professional/
Біз туралы БАҚ