Баспасөз орталығы

Қаңтар оқиғасы: азаптау фактілері бойынша 327 қылмыстық іс тергелуде

Бас прокуратура қаңтар оқиғасынан кейін азаптау фактісі бойынша 327 қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаңтар айында азаптау фактісі бойынша 327 қылмыстық іс тергелуде. Оның ішінде 31 қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз, арнайы прокурорлар бірнеше істі аяқтадық. Олар сотқа жолданды. Бұл туралы Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров мәлімдеді.

Бұған дейін хабарланғандай, Алматы облысында ыстық бу үтікпен азаптау дерегі бойынша 25 адам жәбірленуші, 5 полицей күдікті ретінде танылған.

Дереккөз: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/yanvarskie-sobyitiya-faktam-pyitok-rassleduyut-327-486762/
Жаңалықтар