Баспасөз орталығы

Жобаның жаңа қатысушылары

«Қазақстандағы азаптауларға қарсы іс-қимыл жөніндегі азаматтық бастама» жобасы жаңа қатысушылармен толықты. Бастамамызды заң саласында мол тәжірибесі бар белсенді құқық қорғаушылар қолдады.

АЛЕКСАНДР ДАНЧЕВ – журналист-блогер, «FrontLine» халықаралық қорының мүшесі. Құқық қорғаушы Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюросының волонтері болды, Құқық қорғаушылардың, азаматтық белсенділердің қауіпсіздігі және оларды қорғау мәселелері жөніндегі коалицияның қатысушысы, сот істерін тәуелсіз байқаушы болды. Сонымен бірге, Александр "Солтүстік Қазақстан құқықтық медиа-орталық" ҚҚ серіктесі болып табылады және осы аймақта жобаларды іске асыруға көмек көрсетеді.


Сондай-ақ команданың жаңа мүшелері арасында заңгер, адамның құқықтары саласындағы халықаралық құқық жөніндегі тәуелсіз консультант ТАТЬЯНА ЧЕРНОБИЛЬ бар.

Татьяна адамның құқықтарын кемсітпеу, азаптаулардан еркіндік, жеке өмірге деген құқық, әділетті сотқа деген құқық, адамның құқықтарын қорғаудығ халықаралық тетігі және басқа да мәселелермен айналысады. Тәуелсіз консультант ретінде құқық қорғаушы тренингтерді ұйымдастырады, сараптамалық қорытынды жасайды, баяндама жасайды.


АНАР ИБРАЕВА, адвокат, «Қадір-қасиет» қорының сарапшысы.

АРСЕН АУБАКИРОВ – "Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі" ҚҚ-ның Петропавл қаласындағы филиалының директоры, СҚО бойынша қоғамдық байқау комиссиясының мүшесі, СҚО бойынша Азаптауларға қарсы ұлттық превентивтік тетіктің тобына қатысушы.
Негізгі қызмет ететін салалары: жабық мекемелердегі адамдардың құқықтарын қорғау, әртүрлі әлеуметтік жобалар. Арсен Аубакиров - Сорос-Қазақстан қорының «Құқық қорғаушылардың жаңа буыны» стипендиялық қорының түлегі.
Жаңалықтар