Баспасөз орталығы

Қазақстандық құқық қорғаушыларының қызметінен мысалдар

30 АЕК тең біржолғы төлем – келтірілген зиян үшін азапталған адамдарға төленетін өтемақының мөлшері. Қолданыстағы "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" заңына сәйкес Қазақстанда азаптау құрбандарына 30 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем көзделген. БҰҰ-ның Азаптауларға қарсы комитеті шешімдерінің қорытындысы бойынша Қазақстаннан екі іске қатысты отандық соттар азаптау құрбандарының өтініштері бойынша бір жағдайда (А. Герасимовтың ісі) азаптаулар нәтижесінде моральдық зиян үшін 13 мың доллар көлеміндегі өтемақы, ал екінші жағдайда (Р. Байрамовтың ісі) 600 доллар көлемінде өтемақы төленді. Бұл жобаның сарапшысы, қазақстандық заңгер, адам құқықтары саласындағы халықаралық құқық жөніндегі тәуелсіз консультант Татьяна Чернобильдің соңғы он жылдың ішінде жүргізген кейбір істерінің мысалдары. Алайда бұл отандық заңгерлердің құқық қорғау тәжірибесінде бірен-саран кездесетін жағдайлар ғана. Өкінішке орай, БҰҰ Комитеттерінің шешімдерімен расталған азаптаулардан еркіндік құқығын қоса алғанда, адам құқықтарын бұзудың барлық басқа жағдайлары бойынша қазақстандық соттар өтемақыны тағайындауға бас тартады" - деп қорытындылады сарапшы.
Жаңалықтар