Баспасөз орталығы

Қазақстанда күштік құрылымдардың қызметкерлері адамдарды азаптауды жалғастырып, жазасыз қалуда

Құқық қорғаушылардың айтуынша, азаптаулармен ешкім жөнді күресіп жатқан жоқ.

Өтекпен күйдіру, зорлау, электрошокер қолдану, қабырға, қол-аяқ, мұрын, жақтар сындыру, тіс жұлу, тамақ пен су бермеу, дәрет сындыру мүмкіндігін бермеу – бұның барлығы өткен замандағы инквизицияның әдістері емес, бұл қазіргі өмірдің шындығы. Және бұның барлығын бізді қорғауға тиіс адамдар, полицейлер мен олардың әріптестері жасап жатыр, - деп хабарлайды «Халық үні».

Балалар мен ересектерді қинады
Сотқа дейінгі тергеудің материалдарына сәйкес бұның барлығы Талдықорған полициясының ғимаратында қаңтар оқиғаларына қатысу үшін адамдарды заңсыз ұстау кезінде орын алды. Бұл жөнінде Қазақстанның Азаптауларға қарсы ҮЕҰ коалициясы хабарлайды. Қазір сот процесі жүріп жатыр.

Азаптаулар туралы бұл істе 24 жәбірленуші бар, оның ішінде, төрт адам азапталған кезде кәмелеттік жасқа да толмаған еді. Ең кішісі 16 жаста болған. Бұл іс бойынша Талдықорған қ. қылмыстық полициясының үш қызметкеріне, жергілікті патрульдік полицияның бір қызметкеріне және ІІМ академиясының бір курсантына қатысты тергеу жүріп жатыр.

«Барлық жәбірленушілер қатты азапталған, оның ішінде өтекпен не бумен күйдіру, зорлау, темекімен күйдіру, электрошокердің соққылары, қабырға, қолдың саусақтарын, мұрын, жақ сындыру, тістерді жұлу, бір топ адамның соққыға жығуы (аяқпен және кейбір заттармен ұру), тамақ пен су бермеу, дәрет сындыру мүмкіндігін бермеу және т.б. фактілер орын алған», - деп хабарлайды Азаптауларға қарсы коалиция.

Көптеген жәбірленушілердің өтініштері бойынша, сотқа оларды азаптаған полиция қызметкерлерінің барлығы емес тартылып отыр. Жәбірленушілер бірнеше рет сотқа жолығып, өздері білетін немесе көрсетуге дайын барлық азаптаған полицейлерді жауапкершілікке тартуды сұрады.


Азаптау – бұл жүйе
Заңгер, адам құқықтары саласындағы тәуелсіз консультант, Азаптауларға қарсы ҮЕҰ коалициясының мүшесі Татьяна Чернобильдің айтуынша, еліміздегі азаптаулар Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерінде көзделген жазаның бұлтартпастығы қағидатын сақтамау салдарынан жалғасып жатыр.


«Бас Прокуратураның деректері бойынша, 2018 жылы азаптаулар бойынша істердің бір пайызы ғана сотқа жеткен. Биыл – екі пайызы. Бұл көрсеткіш өтініштердің түсіп жатқан санымен салыстырғанда өте аз. Қадағалау органы жылына 600-ден астам өтінішті тіркейді. 2015 жылдан бастап ҚПК азаптаулар бойынша өтініштерді тергеуге дейінгі тексерусіз тіркеуге міндеттейді. Тіркелген өтініштердің саны көбейгенімен, нәтижесі бар ма? 600 адамның барлығы өтірік айта алмайды. Азаптаулар мен қатыгез әрекеттерді жасаған кінәлі адамдар жауапқа тартылып жатыр ма, біз білмейміз, өйткені осы мәселе бойынша прокуратураның статистикасы жабық», - деп белгіледі Чернобиль.

Халықаралық стандарттар мен қазақстандық заңнама бойынша азаптаулардың фактісін дәлелдеу міндеті мемлекетке жүктелген. Алайда іс жүзінде барлығы басқаша өтеді.

«Бізде дәлелдеу міндеті азаптау құрбанына жүктелген. Алайда мұндай істер – бұл жария айыптаудың ісі, мемлекет бұл айыпты қолдауға міндетті, азаптау құрбаны адвокатқа мұқтаж болмау керек, өйткені прокурор бар. Алайда прокурордың өзі белсенді емес. Біздің елімізде азаптаулар бойынша істерге тартылған сот-медициналық сарапшылар «Өтініш беруші өтірік айтуы мүмкін бе» деген сұрақты қояды. Және өтініш берушіге жалған айғақ бергені үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді. Басты назар қай нәрсеге аударылатынын түсініп отырсыздар ма?», - деп әңгімелейді құқық қорғаушы.

Қазақстанда азаптаулар туралы істердің толық және объективті тергелуіне үміт өте аз. Адамдар бұның барлығын бастаудың қажеті қанша деп ойланып бастайды, ал кейбіреулері тіпті өтініштерін қайтарып алады. Ал өтініш болмаса, қылмыс жоқ. Және жазасыз қалу жаңа азаптаулардың жасалуына септігін тигізеді.

Шағымдардың екі есеге өсуі

Қағаз жүзінде Қазақстан азаптауларды жойғысы келеді. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың бас инспекторы Дулат Әдембаев айтқандай, 2013 жылы елімізде Азаптаулардың алдын алу жөніндегі ұлттық тетік қабылданды. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың жабық үлгідегі мекемелерге, ҚАЖ мекемелеріне, полиция учаскелеріне, денсаулық сақтау ұйымдарына баруға құқығы бар.

«ҚР Қылмыстық кодексінің «Азаптаулар» атты 146-бабының ұғымы оларды көбінесе дене жарақатының болуымен байланыстырады. Қазір Мәжілісте бұл ұғымды кеңейтіп «қатыгез қатынас» ұғымын енгізетін заң жобасы жатыр. Қылмыс объектілерінің шеңбері біртіндеп кеңейетін болады», - деп хабарлады Әдембаев.

Оның деректері бойынша, 2022 жылы Орталыққа жолыққан азаматтардың саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге өсті – 1,5 мыңнан 3 мыңға дейін. Азаптаулар туралы биыл 300-ден астам өтініш түсті.

Азаптаудың тағы бір түрі

Жоғары санатты психиатр-дәрігер, Ұлттық алдын алу тетігінің Үйлестіру кеңесінің мүшесі Сергей Молчановтың айтуынша, азаптауларды жоюда біз «өз жолымызбен» жүрмей, халықаралық нормаларды ұстануға тиіспіз.

«Қазақстан халықаралық нормаларды ратификациялады (оның ішінде, БҰҰ-ның Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенциясын), яғни, оларды орындауға міндеттенді, бірақ оның кейбір ережелері ұлттық заңнамаға енгізілмеген. Және осыдан барлық проблемалар туындайды. Яғни, Ыстамбұл хаттамасы (Азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерін тиімсіз тергеу және құжаттау жөніндегі басшылық) – Қазақстан өркениетті даму жағында ілгерілететін нормативтік-құқықтық акт. Және оның енгізілуі жергілікті «ерекшеліктерсіз» өткен абзал. Өйткені біз өзімізге бейімдей бастаған кезде, ойдағыдай дүние шықпайды», - деп өз пікірін Сергей Молчанов білдірді.

Ол Қазақстанда Ыстамбұл хаттамасы бойынша сараптаманың қалай жасалатынын айтып берді: тергеуші сарапшыға 22 сұрақ қояды, оның 19-на «біздің құзыретке жатпайды/көп уақыт өтіп кетті/жауап беру мүмкін емес» сынды жауаптарды алады.

«Нәтижесінде одан да бетер түсініксіз сұрақтарды тудыратын сараптама жүргізіледі. Сондықтан тиянақсыз тұжырымдарды жоятын Ыстамбұл хаттамасын ілгерілету қажет, «иә» немесе «жоқ» деген ғана жауаптар болу керек», - деп мәлімдейді Молчанов.


Ымы-жымы бір

Маман Ыстамбұл хаттамасының нормаларына және азаптаулардың құрбандарына сараптаманы жүргізетін Қазақстанның қазіргі жағдайына салыстырмалы талдау жүргізді.

«Мәселен, Хаттаманың ең басты принциптерінің бірі – тәуелсіз комиссияның азаптауларды риясыз жүргізуі. Біздегі сот-сараптама бюролары көбінесе бұрынғы полицейлерге қарасты. Бұл дұрыс емес! Полиция қызметкері 45-50 жасында зейнетке шығып, өзінің таныстарына қоңырау соғып, және, егер орын болса, бюроны басқарады. Бұны маған дәрігерлер айтады. Кейіннен азаптаулардың дәлелдерімен жағдай туындаған кезде, таныс құқық қорғаушылар бұл адаммен сараптамада көрсетілмеуі тиіс дүниелер туралы келіседі», - деп бөлісті Ұлттық алдын алу тетігінің мүшесі.

Сол екі арада Дүниежүзілік медициналық қауымдастықтың ережелері бойынша, егер дәрігер азаптаулардың іздерін жасыратын болса, бұл қылмысқа қатысу деп саналады, деп белгіледі маман.

«Басқа принцип – азаптаулар құрбандары мен куәлардың қауіпсіздігі. Түрмедегі азаптаулар туралы маған айтқан адам сол түрмеде, қызметкерлермен бірге қалады. Және кейде бұның нәтижесі жақсы болмайды», - деп белгіледі сарапшы.

Сараптаманы жүргізу кезінде бөтен адамдардың, әсіресе, полицейлердің болмағаны абзал.

«Мен Алматыда сараптаманы жүргізген кезде сараптама барысында полиция қызметкері де болды, оның үстіне, оның бейнекамерасы да болды. Мен бұл жайтты материалдарда тіркедім, алайда азаптауларға ұшыраған адам маған барлығын айта алмады. Бірақ сол айтқанның өзі жеткілікті болды, өйткені кейіннен 11 қабырғаның сынғаны белгілі болды», - деп айтты Сергей Молчанов.

Ыстамбұл хаттамасының тағы бір принципі қарастыратындай, медициналық сарапшы анықталған дене жарақаттары мен психологиялық белгілерінің азаптаулармен не қатыгез әрекеттермен ықтимал байланысы туралы пікір шығарады.

«Біз көбінесе егер адамды шоқпармен ұрса немесе оны бір жерге тығамыз деп қорқытса ғана, азапталды деп санаймыз. Алайда зорлау, туған-туыстарына зиян келтіреміз деп қоқан-лоққы көрсету де азаптаулардың белгілері, бірақ психологиялық азаптау. Жақында мен Жауғашты ауылында сараптама жүргіздім. Бес жоғары білімі бар әйелді полиция қызметкерлері ұстап, адвокат шақыруға, қоңырау соғуға рұқсат бермей отырды. «Егер хаттамаға қол қоймасаң, кішкентай балаларға қарамай үйдің астан-кестенін шығарамыз» деп қорқытты. Дәретханаға онымен бірге еркек қызметкер барды, қысқа ғана шымылдықтың артында тұрып, ары тұр деген өтінішін елемеген. Бұл да азаптың түрі ғой!» - деп қорытындылады.

Бұдан басқа, Молчанов айтқандай, Қазақстан тәуелсіз сарапшылардың институтына мұқтаж.

Террористер де адамдар

Сондай-ақ бұл маман Ыстамбұл хаттамасының тағы бір тармағының бұзылғанын айтып берді.

«Мен Астанадағы ҰҚК қызметкерлері соққыға жыққан адамға қатысты сараптаманы жүргіздім. Сөйтіп маған тергеуші қоңырау соғып «Сіз оның не үшін сотталғанын білесіз бе? Терроризм үшін!» деп айтқаны бар. Яғни, сол үшін адамға ойға келгеннің барлығын жасауға болады ма? Және бұл менің сараптама ықпал етуі керек пе?!... Жітіқарада (өмір бойы жазасына сотталғандарға арналған әйгілі «Қара бүркіт» түрмесі орналасқан) біздермен камераларды аралап, түсіндіруге тырысып отырды: мына адам кішкентай 5 қызды зорлады. Бірақ бұл адамның жасаған қылмысы сарапшының қорытындысына әсер етпеу керек! Бірақ педофилия үшін ату жазасына кесу керек деген пікірді тіпті кейбір құқық қорғаушылар да ұстанады» - деп айтты Молчанов.

Халықаралық құқықта айып тағылған немесе қылмыс үшін сотталған барлық адамдардың тиісті медициналық күтім мен қамқорлыққа деген теңдей моральдық құқығы бар деп қарастырылған.

Азаптаулар көп қолданылатын аймақтар

Сол екі арада осы аптада Астанада құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін азаптауларға қарсы іс-қимыл жолдарын ашатын оқу курсы өткен. Ұйымдастырушы – «Expert Independent Research Institute» ҚҚ. Курсқа қылмыстық-атқару жүйесінің, оның ішінде, колониялардың қызметкерлері қатысты. Құқық қорғаушылар, Бас Прокуратураның өкілдері, оқытушылар мен психологтар күні бойы азаптау деген не екенін, қатыгез қатынастың себептерін және бұл сұмдықпен қалай күресуге болатынын айтты. Бұл ретте, зорлық-зомбылықтың қандай түрлері болады деген сұраққа қатысып отырған ҚАЖ қызметкерлерінің біреуі де жауап бере алмады!

Ал Бас Прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының өкілі Нұрлан Нақышев азаптауларға диссертациясын арнап, биыл қорғап шықты. Неліктен Қазақстанның шеңділері азаматтарды қинайды деген «Халық үні» сұрағына қадағалау жүйесінің қызметкері жауап бермеді.

Біз Н. Нақышевтың диссертациясын өзіміз тауып одан үзінділерді келтіреміз. Бас Прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректері бойынша, 2016-2021 жылдар аралығында қылмыстық қуғындау органдары азаптаулар туралы 4070 қылмыстық іс жүргізді. Ең жоғары көрсеткіш 2019 жылы тіркелді – 866 іс.

Аймақтарға бөліп қарайтын болсақ, азаптаулар туралы ең көп қылмыс Қарағанды облысында тергелді – 715 іс, Шығыс Қазақстан облысында – 422 іс және Алматы қаласында – 402 іс. Азаптаулар туралы қылмыстардың өскенін деп атап өту керек: Қарағанды облысында – 2,7 есе (2016 жылдағы 80 істен бастап 2021 жылы 154-ке дейін), Алматы облысында (35-тен 76-ға дейін), Батыс Қазақстан облысында 4,8 есе (14-тен 71-ге дейін). Автор статистиканың өсуін Бас Прокурорының «Қылмыстық-атқару жүйесіндегі азаптау, өз-өзіне қол жұмсау және дене мүшесін зақымдау фактілерін тергеуді ұйымдастыру туралы» 28.08.2019 жылғы нұсқауына сәйкес азаптаулар туралы барлық өтініштерді міндетті тіркеу қажеттілігімен байланыстырады. Тергеу жүргізілген қылмыстық істерден нәтижесінде сотқа 72 іс жіберілді, бұл тіркелген істердің жалпы санынан 2,3 % ғана құрайды.

«Талдау көрсеткендей, көптеген жағдайларда азаптау фактілері бойынша басталған сотқа дейінгі тергеулер дәлелдердің болмауына, тергеу әрекеттерінің кеш жүргізілуіне байланысты тоқтатылады, себебі жәбірленушілер азаптаулардың қолданылғаны туралы арыздармен кеш жолығады, соның салдарынан іс бойынша дәлелдер базасы жоғалады», - деп жазады Н. Нақышев.

Жиі кезде азаптау істерінің фигуранттары полицейлер - 78% және ҚАЖ қызметкерлері болады - 16%. Алайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және оның алдында болған қаржы полициясының тергеушілеріне, арнайы прокурорларға, ҰҚК қызметкерлеріне және басқа да органдардың қызметкерлеріне қатысты істер бар.

Инквизитор бейнесі

Бас Прокуратураның өкілі белгілейтіндей, мемлекет азаптауларға қарсы іс-қимыл бойынша қабылдап жатқан шаралары қылмыстық қуғындау органдарының азаптаулар үшін сотталған қызметкерлерінің санын 8 есеге қысқартуға мүмкіндік берді (2016 жылдағы 27-ден 2021 жылдағы 3-ке дейін). Азаптаулар туралы қылмыстық істерді талдау негізінде азаптауларды жасайтын адамның бейнесін жасады: құқық қорғау органының жас қызметкері, 21-29 жас аралығында, жоғары білімі бар.

Жиі кезде құрбандарды қызметтік кабинеттерде, түзеу мекемелерінде, қызметтік автокөліктерде қинайды. Жәбірленушілер көбінесе ұсталғандар (35 %), күдіктілер (31 %), айыпталушылар (7 %), куәлар (7%), сотталғандар (11 %).
Жауыз шеңділер құрбандарын соққыға жығып, психологиялық зорлық-зомбылық, қорқыту, қылқындыру тәсілдерін пайдаланады.

Зеріккеннен

Н. Нақышев азаптауларға қарсы курсының тыңдаушыларына айтып бергендей, ол азаптаулар туралы істерді тергеп жүрген кезде жалған хабарламаларға да тап болды. «Зерігіп отырып, көлікпен жүргім келді», - деп айтты қамауда отырғандардың біреуі – азаптаулар туралы шағымның авторы.

Алайда, Молчановтың деректері бойынша, бұл сирек кездесетін жағдай, көбінесе азаптаулар расталады.

Ешкім ештеңе дәлелдей алмайды

Сондай-ақ ол неліктен азаптаулардың іздерін кейде айқындауға қиын болатынын да айтып берді.

«Мынадай жағдай есімде – этаппен бара жатып, сотталған адамды бейнекамерасы жоқ моншаға кіргізіп, бетін шүберекпен жауып үстінен су құя бастайды. Адам тұншығып бастайды. Әкімшілікпен (колонияның) ынтымақтастық туралы құжатқа қол қоюға мәжбүрлейді. Егер келіспесе, сол жерде легендерде болған дезинфекциялық құралды бетіне құя бастайды. Ақырында, келісіп қол қояды, ал біз бәрін түсінгенімен ештеңе дәлелдей алмаймыз»,- деп бөлісті осындай сұмдық жайттармен Молчанов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аймақтық бөлімшелерінде камералары полиэтиленмен жабыстырылған кабинеттер бар, ал басқа күштік ведомстволардың абақтыларында болып жатқан дүниелер құқық қорғаушылар үшін тіпті беймәлім.


«Біздің деректер бойынша, ҰҚК қызметкерлері терроризмде айыпталатын жігіттерді ұстап, жертөледе қамап, ұрады екен. Біреуінің сақалын алып, оны жеп қоюға мәжбүрледі. Біз барсақ, бізді кіргізбейді, ҰҚК-нің тергеу изоляторы жоқ деп, өйткені Ұлттық алдын алу тетігінің мүшелері изоляторлар мен колонияларға ғана кіре алады. Біз, құқық қорғаушылар, құпия объектілерден басқа, барлық жерге кіруіміз керек», - деп айтады Сергей Молчанов.

Қаңтардың құрбандары

Азаптауларға қарсы іс-қимыл жөніндегі курстың үзілістерінде Ұлттық алдын алу тетігінің мүшесі қаңтар оқиғаларындағы азаптаулардың құрбандары туралы сараптамаға қатысқаны туралы өз тәжірибесімен бөлісті.

«Мамыр айында мен Талдықорғанда болып, азаптауларды құжаттап жүрдім. Барлығы бір сценариймен өткен: есікті қағады, ашқан кезде – мекенжайды бейнекамералар бойынша тапқан полицейлер баса-көктеп кіреді. Сені жығады, қарсылық көрсетпесең де сені ұрады, көлікке отырғызып алып та, ұруын жалғастырады. Полицияға әкеліп, бесінші қабатқа көтереді, әрбір қызметкер жол-жөнекей сені ұруды жөн көреді. «Қазір сенде неше автомат, пистолет бар екенін мойындап, қол қоясың» деп, тергеушіге кіргізеді. Одан кейін асқан қатыгездікпен ұрып-соғып, электрошокер қолданады, полицейлердің қалқанымен ұрады. Жауап алу хаттамасын беріп қол қоюды талап етеді. Сен оны оқып бастайсың, ал сені қайтадан ұрады.

Уақытша изоляторға ауыстырады, ол жерде шоқпармен ұрады. Тыр жалаңаш шешіндіріп тағы да ұрып-соғып, камераға кіргізіп жібереді. Одан кейін қаңтар оқиғаларында зардап шекке және ішіп алған полицейлер сені қайтадан камерада ұрып бастайды.

Одан кейін шоқпармен ұрып-ұрып тергеу изоляторына ауыстырады. Камераға түсіріп, барлық жарақатты уақытша изоляторында не полиция департаментінде алғанын айтуға мәжбүрлейді. Одан кейін камераға тастап соққыларын тоқтатады. Медициналық көмек көрсетілмейді», - деп баяндады азаптау құрбандарының орын алған оқиғаларын.

Мамандардың қорытындылары мен адвокаттардың арқасында біраз полицейлер жазаға тартылды, - деп хабарлайды Ұлттық алдын алу тетігінің мүшесі.

«Бірақ олар – ақшамен болсын не қорқытып – құрбандарды шағымдардан бас тартуға және айғақтардың адвокаттардың айтуымен берілгенін мәлімдеуге көндіреді. Кейбіреулері шыдамай, өз адвокаттарына қарсы айғақ береді», деп хабарлады Сергей.

Соңғы сөздің орнына

Қазақстанда азаптауларға қарсы іс-қимылға арналған цифрлық платформа іске қосылуда. Бұл жерде бейнесабақтар, адвокаттар мен құқық қорғаушылардың азаптаулардың құрбандары үшін әрекеттер алгоритмі жөніндегі ақыл-кеңестері, шағымдардың нысандары болады.

2022 жылы Қазақстан бұрынғыдай дамыған елдердің қатарына кіруге ұмтылады, азаптауларға қарсы күрестің жолдарын қамтитын алаңдар пайда бола бастады.
Ал бізді және біздің ақшамызға құқықтарымызды қорғауға міндетті шеңділер күндердің бір күнінде погондарынан айырылып, азаптаулардың құрбандарына да айналуы мүмкін екенін белгілеп өту керек. Өйткені әр адам өзі жасағанның бәріне жауап береді.

Дереккөз: https://golos-naroda.kz/14432-v-kazakhstane-liudi-v-pogonakh-prodolzhaiut-pytat-liudei-i-ostaiutsia-beznakazannymi-1670404802/
Біз туралы БАҚ