Баспасөз орталығы

Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған азаптауларға қарсы іс-қимылдың мәселелері бойынша оқу курсы

Астанада «Expert Independent Research Institute» қоғамдық қоры құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін «Қазақстанда азаптауларға қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» тақырыбына арналған оқу курсын өткізді.

Іс-шараға Бас Прокуратураның, Азаптауларға қарсы коалицияның өкілдері, журналистер және танымал қазақстандық құқық қорғаушылар қатысты.
Семинардың басты мақсаты – құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қазақстандықтарды азаптау фактілерінің алдын алу.

Семинар аясында ҚАЖК қызметкерлеріне қылмыстық сот төрелігі, жазаны орындау және азаптаулар мен қатыгез қарым-қатынастың алдын алу саласында адамның құқықтарын қорғау бойынша жуырда қолданысқа енген заң жобласын іске асыруға қатысты толық ақпарат ұсынылды. Жұмыстың осы бағыты бойынша түсіндірме беріп, оқу курсына қатысушылармен өз ой-пікірімен «Expert Independent Research Institute» қоғамдық қорының сарапшылары бөлісті.

Семинарды «Цифрлық құралдар арқылы азаптауларға ұшыраған адамдардың құқықтарын қорғау» жобасының сарапшылары ұйымдастырды. Бұл қызметтің бағыты АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) қаржыландыратын «Орталық Азиядағы әлеуметтік инновациялар» бағдарламасы аясында Еуразия қорының қолдауымен іске асырылуда.

Жоба авторларының пайымдауынша, мамандандырылған білім беру дәріс курсын өткізу ҚР құқық қорғау органдарының тарапынан қазақстандықтардың азаматтық құқықтарын сақтау процесіне серпін береді.

Шараға қатысушылардың арасында:
1) Әдембаев Дулат – Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың ұлттық алдын алу тетігі секторының бас инспекторы;
2) Накишев Нұрлан – ҚР Бас Прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Кәсіби оқу институтының қылмыстық қуғындау және жедел-іздестіру қызметі кафедрасының аға оқытушысы;
3) Чернобиль Татьяна – заңгер, адам құқықтары саласындағы халықаралық құқық жөніндегі тәуелсіз консультант;
4) Молчанов Сергей – медицина ғылымдарының кандидаты, ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі, ҚР Азаптауларға қарсы ҮЕҰ коалициясының мүшесі, Ұлттық алдын алу тетігінің Павлодар облысы бойынша қатысушы;
5) Аманжолова Ботагөз – Қарағанды облысы бойынша қоғамдық байқау комиссиясының төрайымы, заң ғылымдарының кандидаты, Академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қылмыстық құқық, процесс және криминалистика кафедрасының профессоры.
Жаңалықтар