Баспасөз орталығы

Қазақстанда жауап алудың инквизиторлық әдістері түбімен жойылады

Елімізде тыйым салынған анықтау әдістерінің қолданылғаны туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та айтқан болатын. «Орта ғасырдың осындай жауыз тәсілдері кез келген озық қоғамның ережелеріне қайшы келеді, сол үшін бізге де жат болуы керек», - деп ерекше белгіледі.

Елімізде құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған «Қазақстандағы азаптауларға қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» атты білім беру курсы өткен. Шараға Бас Прокуратураның, Азаптауларға қарсы коалицияның өкілдері, құқық қорғаушылар қатысты. Семинардың басты мақсаты – құқықтық тәртіп қызметкерлерінің азаптауларды жасау фактілерінің алдын алу. Елімізде тыйым салынған анықтау әдістерінің қолданылғаны туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та айтқан болатын. «Орта ғасырдың осындай жауыз тәсілдері кез келген озық қоғамның ережелеріне қайшы келеді, сол үшін бізге де жат болуы керек», - деп ерекше белгіледі.

Ресми деректер бойынша, қаңтар оқиғаларына байланысты прокуратура органдарына азаптаулар, қатыгез әрекеттер және заңсыз тергеу әдістері туралы 301 шағым түсіп, нәтижесінде 243 қылмыстық іс қозғалды.

Әрине, Қазақстанның азаптаулармен жағдайды жақсарту үшін көптеген шараларды қабылдап жатқанын жоққа шығаруға болмайды. Еліміз түбімен құртылуы тиіс осы құбылысқа төзімсіздікті жариялайтын бірқатар халықаралық келісімдерді ратификациялады. Қамауда ұстау орындарына тәуелсіз қоғамдық байқаушылардың кіру негіздері кеңейді, ұлттық алдын алу тетігі әрекет етуде. Қылмыстық кодекске азаптауларды қолданылғаны үшін лауазымды адамдардың жауапкершілігі туралы норма енгізілді.

Алайда осы өзгерістерге қарамастан азаптаулар мен қатыгез әрекеттерге шағымдар кең таралған проблема болып қалуда. Және полицейлер әрбір азаптау фактісі төтенше жағдай ретінде қаралатынын айтқанымен кейде бұл фактілерді дәлелдеп, кінәлі адамдарды жауапқа тарту мүмкін емес. Дәлірек айтқанда, өте сирек жағдайда бұған қол жеткізуге болады.

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың ұлттық алдын алу тетігі секторының бас инспекторы Дулат Әдембаевтың айтуынша, биыл азаптаулар жөнінде 300-ден астам арыз түсті.

Осы сұмдық құбылысты жою үшін Ішкі істер министрлігі заңнамаға азаптаулардың және қатыгез әрекеттердің алдын алу мәселелері бойынша түзетілерді енгізіп, олар ағымдағы жылдың қазан айында Парламент Мәжілісінде таныстырылды. Өзгерістер мен толықтырулар ҚР Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстеріне енгізіледі. Заңнамалық түзетулер сотталғандардың денсаулықты қорғауға, ізгілік қарым-қатынасқа құқықтарын іске асыру тетіктерін кеңейтуді, сондай-ақ ұлттық заңнаманы БҰҰ-ның Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенциясына сәйкес келтіруді көздейді.

Ұсыныстардың бірі – жауап алудың, сондай-ақ сот отырыстарының бейнежазбасын қамтамасыз ету. Қарағанды облысы бойынша Қоғамдық байқау комиссиясының төрайымы, заң ғылымдарының кандидаты, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қылмыстық құқық, процесс және криминалистика кафедрасының профессоры Ботагөз Аманжолованың айтуынша, бұл рәсім қатты бюрократизацияланған.

Полиция қызметкерлері айтқандай, бейнежазба жауап алу процесін тежеп қиындатады. Қылмыстық-процестік кодекске түзетулер осы рәсімді жақсартады деп уәде береді, - деп белгіледі сарапшы.

Сондай-ақ, оның айтуынша, заң жобасында «азаптаулар» деген ұғым нақтыланып, «қатыгез қатынастың» анықтамасы енгізіледі.

- Конституцияда ешкім де қатыгез қатынасқа ұшырамауы тиіс деп жазылған, алайда еш жерде азаптаулар мен қатыгез қатынастың арасындағы айырмашылық қарастырылмаған. ІІМ заңнамаға енгізетін жаңа анықтамалар осы ұғымдардың аражігін ажыратуға мүмкіндік береді, - деп айтады Ботагөз Аманжолова.

Қазақстан азаптауларға қарсы іс-қимыл саласында алға қадам басу үшін сарапшылар 1999 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми құжатына айналған және 202 жылдың маусымында соңғы редакциясы енгізілген Ыстамбұл хаттамасының стандарттарын мойындауды ұсынады. Бұл азаптаулар мен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерін тиімді тергеу мен құжаттау жөніндегі нұсқаулық.

Ыстамбұл хаттамасы адамның азаптауларға ұшырағанын тергегісі келетін және нәтижелері туралы сот және кез келген басқа тергеу органдарына хабарлағысы келетін дәрігерлер мен заңгерлерге арналған пайдалы ұсынымдарды қамтиды. Құжаттың ұсынымдық сипаты бар және ратификациялауды талап етпейді.

- Ыстамбұл хаттамасы жылдам, тиімді және тәуелсіз тергеуді, тергеу органының мүмкіндіктерін кеңейтуді, құрбандар мен куәлардың қауіпсіздігін болжайды. Сондай-ақ тыңдауларға және қажетті ақпараттың барлығына қол жеткізу мүмкіндігі, тәуелсіз комиссияның бейтарапты тергеуі, ақылған қонымды мерзімде ашылуы тиіс жазбаша есептер қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл ретте құпиялылық қатаң сақталуы тиіс, - деп тізбектеді халықаралық құжаттың негізгі принциптерін медицина ғылымдарының кандидаты, ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жанындағы үйлестіру кеңесінің мүшесі, ҚР Азаптауларға қарсы ҮЕҰ коалициясының мүшесі, Павлодар облысы бойынша Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушы Сергей Молчанов.
Сарапшылардың айтуынша, олардың салдарымен емес, себептерімен күресу керек.

Азаптаулардың шынайы себебі – сотталғандармен және тергеудегілермен жұмыс істейтін адамдардың тұлғасы. Сотталғандар мен тергеуге алынған адамдарды қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері азаптайды. Жұмыс процесінде олардың кәсіби ұстанымдары деформацияға ұшырайды және бұның барлығы билікте отырғандарға деген көзқарасқа ықпал етеді. Сондықтан олардың мінез-құлқын түзету жұмыстарымен айналысу қажет, - деп санайды Қарағанды облысы бойынша Қоғамдық байқау комиссиясының төрайымы Ботагөз Аманжолова.

Бұл жұмыстың ең маңызды қадамдарының бірі Цифрлық білім беру платформасының құрылуы болып табылады (https:⁄⁄www.pytkamnet.kz), бұл платформада кез келген адам танымал адвокаттардың, құқық қорғаушылар мен халықаралық сарапшылардың азаптауларға қарсы іс-қимыл бойынша қажетті ақпаратты алуы мүмкін.

Дереккөз: https://kazpravda.kz/n/v-kazahstane-namereny-iskorenit-inkvizitorskie-metody-doprosov/
Біз туралы БАҚ