Баспасөз орталығы

Келтірілген моральдық зиян үшін өтемақысын қалай алуға болады?

Танымал қазақстандық құқық қорғаушы, «Қазақстандағы азаптауларға қарсы іс-қимыл жөніндегі азаматтық бастама» жобасына қатысушы, адвокаттар алқасының және Республикалық адвокаттар алқасының мүшесі Бауыржан Азанов порталға хабарлағандай, азапталған адамның денсаулығына зиян келтіргені үшін материалдық және моральдық өтемақыны кінәлі адам төлеуге міндетті, егер ол соттың үкімімен азаптау үшін сотталған болса.

Осылайша, Азаматтық кодекстің 952-бабының талаптарына сәйкес моральдық зиян ақшалай нысанда өтеледі. Бұл ретте сот өтемақының сомасы парасаттылық және әділеттілік өлшемшарттарына сүйене отырып айқындайды. Моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды қойған кезде талап етуші өзіне келтірілген жан азабының немесе тән азабының болғанын дәлелдеуге тиіс. Сот, өз жағынан, ұсынылған дәлелдерді бағалап, парасаттылық және әділеттілік өлшемшарттарына негізделіп, моральдық зиянның өтемақы мөлшерін айқындайды және белгілі болған мәліметтердің сипатын, олардың таралу шектерін, жауапкер кінәсінің нысанын, оның материалдық жағдайын және басқа да назар аударуға тұрарлық мән-жайларды ескеруі тиіс.
Жаңалықтар